Алматыда Grand Park маңында атыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2338

24 желтоқсанда Алматыда Grand Park сауда ойын-сауық орталығының маңында атыс болды. Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлады, деп хабарлады madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Гранд Парк маңында атыс болды. Жарақат алғандар бар. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді", - дейді оқиға куәгерлері. 

Алматының полиция департаментінің мәліметінше, 102-ге Қабдолов көшесінде атыс дауыстары естілгені туралы хабар түскен. 

"Патрульдік полиция қызметкерлері 18 жастағы жігітті ұстады, одан сигналдық тапанша табылып, тәркіленді. Әуезов аудандық полиция бөлімі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді ПД өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...