Зейнеткерді ұрып, жоғарғы қабаттың терезесінен лақтырып жібергендер ұсталды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1479

Шымкентте зейнеткерді ұрып-соғып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Шымкентте 12 наурызға қараған түні Қабанбай батыр көшесіндегі 11-үйдің ауласынан 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады «Криминальный Казахстан» Telegram каналы.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол үшінші қабаттағы пәтерде екі танысымен ішімдік ішкен, алайда арты жанжалға ұласқан. Ер адамды ұрып-соғып, терезеден лақтырып жіберген, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер екі күдіктіні – 66 жастағы ер адам мен 44 жастағы үйсіз-күйсіз жүрген ер адамды ұстады. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобуста 4,1 млн теңге ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Тергеу барыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз...