Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

ӘДЕБИЕТ
4094

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ


Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы


Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1). Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

2) авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Əлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Əбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л. Хамиди, А. Жұбанов) үшін;

3) авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Əлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Əділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін;

4) ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін;

5) ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 қараша №794

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...