Алматыда көп әйел алуды насихаттаған блогер жауапқа тартылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
428

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы қаласының полициясы құқыққа қайшы контентті анықтап, шара қабылдады, деп хабарлады MadeniPortal.kz Вairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері авторы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-адамгершілік құндылықтарға қайшы өмір салтын ашық түрде насихаттаған жарияланымдарды анықтады. Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды», – деп жазылған полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Профилактикалық әңгімелесу жүргізілгеннен кейін азамат әлеуметтік желідегі парақшасынан жарияланған материалдарды өз еркімен өшірген.

Сондай-ақ Алматы полициясы әлеуметтік желілер қоғамдық ақпараттық кеңістік болып табылатынын еске салады. 

«Заң талаптарына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға қайшы мінез-құлық үлгілерін насихаттайтын, отбасы институтына деген құрметті төмендететін контентті тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады», – деп жазылған хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...