“Денесінің 95%-ы жарамсыз”: Оралда тоқ соққан баланың жағдайы белгілі болды

Фото: Мой город

ЖАҢАЛЫҚТАР
1280

Оралда көпқабатты үйдің ауласында тоқ соққан тоғыз жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала сымдар арасында тұрып қалған добын алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шыққан. Осы жерде баланы тоқ соққан. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кішкентай науқастың жағдайы ауыр деп хабарлады.

«Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында, механикалық желдетуде жатыр. Жағдайы ауыр. Төртінші дәрежелі күйік, денесінің 95%-ы зақымданған», - деп хабарлады ведомстводан.

Бүгін, 2 сәуір күні «Мой город» басылымы баланың қайтыс болғанын жазды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...