Қазақстан кинематографына сіңірген еңбектері үшін Асанәлі Әшімов пен Самал Еслямова марапатталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4245

Серб кинорежиссері Эмир Кустурица мен  франсуз актері Венсан Кассель XIV «Евразия» халықаралық кинофестивалі аясында қазақстандық кино қайраткерлеріне жүлделер тапсырды. 

Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовке марапатты Кустурица ұсынды. 

«Евразия фестивалін ұйымдастырған сіздің елге зор ризашылығымды білдіремін. Сіздің өнер жолыңыз өткен ғасырдан бастау алды, ал бүгінгі қол жеткізген жеңісіңіз өте маңызды », - деді Кустурица. Асанәлі Әшімов еңбегіне осындай биік баға бергеніне өз тарапынан рахметін айтты.

Франсуз кино жұлдызы Венсан Кассельдің қолынан марапат алған Еслямова: «Бұл жолы Канндағыдан да қатты толқу үстіндемін» деп көңіл-күйін жасыра алмады.

Sputniknews.kz

author

Асанәлі Әшімов

АКТЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...