Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суық эпицентрінде бола...
Алматыда көшеде есінен танып қалған қызға сұмдық әрекет жасаған жігіттер елдің жағасын ұстатты
Фото: freepik
Желіде Алматы орталығында есінен танған қызға көмек көрсету барысында оны тонаған адамдарға қатысты ақпарат тарады. Күдіктілер анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында 7 ақпанда қала орталығындағы Достық, Қабанбай батыр және Зенков көшелерінің қиылысында болған оқиға делінген видео жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, қыздардың бірі өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Құрбысы оған алғашқы көмек көрсетуге тырысып жатқанда үш ер адам қызға жанашырлық танытқандай кейіпте оларға жақындаған.
"Екеуі көмек көрсеткісі келгендей кейіп танытты, бірақ қыздың қалтасынан iPhone 15 Pro және iPhone 16 Pro телефондарын суырып алды. Осыдан кейін ер адамдар оқиға орнынан қашып кетті", - делінген жазбада.
Ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
"Тергеу-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген адамдардың кім екені анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары қабылдануда, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу іс-шарасы жүргізілуде.