Ақтауда бес жасар бала 50 теңгелік тиынды жұтып алып, үш күн жүрген (ФОТО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
954

Ақтауда дәрігерлер баланың асқазанынан тиынды алып шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Маңғыстаудағы көп салалы балалар ауруханасының дәрігерлері 50 теңгелік тиын жұтып қойған бес жасар баланы құтқарды.

Жергілікті ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, баланың ата-анасы ауруханаға 21 ақпан күні келген. Олардың айтуынша, бала үш күн бұрын 50 теңгелік тиын жұтып қойған.

«Ата-анасы тиын баланың ішінен өзі түсіп қалады деп үміттенген. Бірақ, баланы рентген аппаратына түсіргенде тиын оның асқазанында тұрғанын көрдік. Сондықтан, бірден оны алып шықтық», - дейді дәрігерлер.

Бұдан бөлек, осы аурухананың дәрігерлері жаңғаққа қақалып, ол өкпесіне кетіп қалған баланы да аман-есен құтқарып алған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жолаушылар автобусы жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, төрт адам медициналық көмекке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. ІІМ мәл...