Алматыда күйеу баласы қайын атасын бауыздап өлтірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1169

Алматыда тұрмыстық дау қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер азамат қайын атасына бірнеше мәрте пышақ салып, тамағына ауыр жарақат келтірген, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл оқиға мегаполис аумағында тіркелген.

Медеу ауданының полиция басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті көп ұзамай қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Күдікті оқиға орнынан ұзап үлгермей ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды", – деп мәлімдеді полиция бөлімі.

Бастапқы мәліметтер бойынша, оқиға тұрмыстық жанжалдың салдарынан туындаған. Ауызша жанжал соңы қанды оқиғаға ұласып, адам өлімімен аяқталған.

Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...