Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
944

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Парламент мүшелерінің айтуынша, соңғы жылдары 18–21 жас аралығындағы азаматтар арасында онлайн-кредит пен микронесиеге тәуелділік айтарлықтай күшейген.

Жастардың шамадан тыс қарызға бату тенденциясына байланысты тұтынушылық несие рәсімдеу жасын 18-ден 21 жасқа дейін көтеру ұсынысы қайта талқыланып жатыр.

Депутаттар осы бастама бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымоваға ресми хат жолдаған. Себебі онлайн рәсімдеудің тым жеңіл болуы және микроқаржы ұйымдарының белсенді жарнамасы жағдайды қиындатып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ата-ананың өтінішінен кейін жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жеке үйдің аумағындағы септикке құлаған сегіз жасар қыз ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиғаны...