Маңғыстаулық балуан Майис Әлиев Азия чемпионы атанды

lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
19

Маңғыстау облысының еркін күрес шебері Майис Әлиев Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында (U23) алтын медаль жеңіп алды, деп хабаралады MadeniPortal.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде маңғыстаулық спортшы 2025 жылғы U20 Азия чемпионатының қола жүлдегері, қырғызстандық Залкарбек Табалдиевпен кездесті. Турнирдегі ең тартысты белдесулердің біріне айналған кездесу қазақстандық балуанның 10:8 есебімен жеңісімен аяқталды.

Алтын медальға барар жолда Майис Әлиев бірнеше сенімді жеңіске қол жеткізді. Ширек финалда ол иорданиялық Заид Меслахты 9:2 есебімен ұтса, жартылай финалда моңғолиялық Анх Ерден Алтангерелден 4:1 есебімен басым түсті.

Жаттықтырушылар құрамы мен өңірдің спорт қауымдастығы спортшыны жеңісімен құттықтады.

«Бұл чемпионатқа өте тыңғылықты дайындалдық. Әрбір осындай жеңістің артында тек спортшының ғана емес, бүкіл жаттықтырушылар командасы мен Маңғыстау облысының Күрес федерациясының үлкен еңбегі тұр. Осындай деңгейдегі жарыстарда қолдауды сезіну одан сайын жігерлендіріп, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады. Сондай-ақ облыстық спорт басқармасының басшысы Қанат Маңғұбаевқа сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Ендігі мақсат – әлем чемпионатына дайындалу. Майис Әлиевті 2026 жылғы Азия чемпионы атағын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – бүкіл Қазақстан мен облысымыз үшін зор мақтаныш. Оның еңбегі, жігері мен табандылығы еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтатты», – деді балуанның жаттықтырушысы Роман Ахмедханов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Соңғы жылдары Қазақстанда 3 университет жұмыс істеу лицензиясынан айырылған. Биыл  тағы 2...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы аралас жекпе-жектің ең танымал өкілдерінің бірі Еркебұлан Тоқтар келесі жекпе-жегін по...