Алматыда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, екі адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
29

Алматыда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, салдарынан екі адам көз жұмды. Оқиға бойынша 12 күдікті ұсталды, деп MadeniPortal.kz КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай түнгі уақытта компьютер клубының маңында болған. Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, жасөспірімдердің бірі досынан көмек сұрап, сөйлесуге шақырған. Сол жерде шамамен 10 шақты жігіт жиналып, жанжал төбелеске ұласқан. Төбелес барысында олардың бірі қарсыласын жүрек тұсынан пышақтап жіберген. Мұны көрген екінші жасөспірім ашуланып, күдіктінің соңынан жүгірген, алайда кейін өзі де пышақ жарақатынан көз жұмған.

Туыстарының сөзінше, жанжал компьютер клубының ішінде басталып, кейін сыртта жалғасқан. Ауызша кикілжің бір сәтте жаппай төбелеске айналып, оның барысында суық қару қолданылған. Соның салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

Алматы қалалық Полиция департаменті 12 күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың барлығы 17-18 жастағы жастар. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәліметінше, дене жарақатын тікелей салған тұлғалар анықталып, қамауға алынған. Сонымен қатар, төбелеске қатысқан басқа да адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Айта кетейік, ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаза тапқан Нұрай Серікбайдың жақындары күдіктінің туыстарын да қылмыстық жауапкершілікке тартуды та...

СПОРТ

Үстел теннисінің әлемдік деңгейдегі майталманы, Қытай құрамасының бұрынғы жұлдызы Фан Бо үлкен спорт...