Астанада «Шапағат» сауда үйінде ондаған бутик өртенген

Фото: t.me/qr_tjm/25138

ЖАҢАЛЫҚТАР
1559

Астанада «Шапағат» сауда үйіндегі өрт толығымен сөндірілді. Салдарынан 10-ға жуық бутик өртенген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндіріліп, одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 400 шаршы метрді құрайтын 10-ға жуық бутик өртенген.

ТЖМ мәліметінше, жергілікті жерде жедел штаб құрылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) 5 буыны жұмылдырылды, іште адамдардың бар-жоғына тексеру жалғасуда. Өрт орнына судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін өртке қарсы гидранттарға қосылған 3 автоцистерна орнатылды. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамның 71 адамы және 20 бірлік техника жұмыс істеді, - делінген мәліметте. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...