Алматыда қыз бала мектепке балта ұстап келген

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
590

Алматыда оқушы сабаққа балта алып келіп, шабуыл жасауды жоспарлаған. Оқиға қаланың Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, қыз бала әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен әрекет еткен. Полицейлер оны  ешкімге зиян келтірілмей тұрып, дер кезінде ұстап үлгерген.

«Анықталғандай, кәмелетке толмаған жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы алынған нұсқаулардың әсерімен құқыққа қарсы әрекеттер жасауды жоспарлаған. Полиция қызметкерлерінің уақтылы қабылдаған шараларының арқасында бұл әрекеттің жолы кесіліп, оның жүзеге асуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді құқыққа қарсы әрекетке тартуы мүмкін тұлғалар анықталуда», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздың ата-анасына қатысты да — баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...