Алматыда қыздардың жас жігіттерге жасаған сұмдық ісі елдің жағасын ұстатты

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
4520

Алматыда үйлерді тонап, шабуыл жасау үшін қыздарды пайдаланған қарақшылар мен тонаушылар тобы ұсталды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Полицияның мәліметінше, қылмыскерлер мынандай жолмен әрекет етіп отырған: танысу сайттарында қыздар ер адамдардың назарын аударған. Содан кейін жеке кездесу кезінде сыбайластары оларға шабуыл жасап, ақшалары мен бағалы заттарын тартып алған.

«Бүгінгі таңда жедел-іздестіру шаралары барысында осыған ұқсас 6 қылмыс жасағанын мойындаған 26 адам ұсталды. Күдіктілердің барлығы қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Біз күдіктілер жасаған басқа да ықтимал қылмыстарды ашу бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Мұндай әрекеттер қылмыс құрбандарына да, жалпы қоғамдық қауіпсіздікке де ауыр зиян келтіретінін айта кеткен жөн», – дейді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...