Астанада пышақ ұстаған жалаңаш ер адам жұрттың зәресін ұшырды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
725

Астанада үй ауласында қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тұрғындар түсірген видеода оның адекват жағдайда емес екені байқалады. Ол біреуді іздеп жүрген және «бауыздайтынын» айтқан.

Полицияның мәліметінше, 39 жастағы күдікті ұсталып, «Алматы» аудандық бөлімшеге жеткізілген.

Аталған дерек бойынша ол ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен күдіктіге 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...