Ақтөбе облысында Мағаджан бөгетінің бұзылуы салдарынан Алға ауданындағы ауыл тұрғындарының үйлері су...
Алматыда такси жүргізушісі жолаушы қызға тиіскен
Фото: Видеодан алынған кадр
Алматыда қызға дөрекілік танытып, тиіскен ер адам анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ерполат Аманжолұлы Жаңа адамдардың “Тұмар” командасы жүргізген кезекті рейд барысында ұсталды. Белсенділер түнгі уақытта Алматыда қыздарға такси қызметтерін пайдалану қаншалықты қауіпсіз екенін тексеруге шықты. Сапар барысында жүргізуші дөрекілік танытып, қызға тиісе бастады. Оның орынсыз әрекеті ұялы телефон камерасына түсіп қалды. Ерполат жанындағы жолаушының қарапайым қыз емес екенін, арттарынан күзет көлігі еріп келе жатқанын түсінгенде, есікті құлыптап, қызбен бірге қашып кетуге тырысты. Қысқа уақытқа созылған қуғын барысында таксист көлігінің нөмірін жоғалтып алды.
Оқиғаға қатысты бейнежазба жарияланғаннан кейін, Ерполат Жаңа адамдардың кампусына келіп, мәселені “тыныш қана” шешуге тырысты. Жүргізуші бейнежазбаны Желіден өшіру үшін ақша ұсынды. Бірақ ойы жүзеге аспады. Ерполаттың жасаған әрекетін оның әйелі, туыстары және интернеттегі бейнежазбаның 2,5 миллионнан астам көрермені біліп үлгерді.
Ақырында Ерполат кампусқа қайта келді. Бұл жолы ақша ұсынуға емес, кешірім сұрауға. Көлік жүргізушісі өзі алымсақтық жасаған қыздың алдында кешірім сұрады. Бұл оқиға Ерполат Аманжолұлына шынымен әсер етіп, дұрыс қорытынды шығарады деп үміттенеміз.
“Тұмар” азаматтық науқанының статистикасына сәйкес, қыздардың 67%-ы таксиде алымсақтыққа тап болады. Алайда құрбандардың басым бөлігі бұл оқиғаларды жарияламай-ақ қоюды жөн көреді. Оларға бұл туралы естен шығарған оңайырақ. Жаңа адамдар еске салады: Осындай жағдайларды жария ету ғана болашақта олардың алдын алатын болады. Алымсақтық оқиғалары туралы айтып, полицияға арыз жазыңыздар, азғындардың жүздерін көрсетіңіздер. Олар өз әрекеттерінің бүкіл елге мәлім болуынан ғана сескенеді.