Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем беріледі, деп...
Ұшақ апатынан аман қалған жалғыз жолаушы оқиғаның қалай болғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі
40 жастағы Вишваш Кумар Рамеш Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалды. Бұл туралы қазір үндістандық БАҚ-тар жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhyсайтына сілтеме жасап.
Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш Үндістандағы отбасына қонаққа барған және ағасы Аджай Кумар Рамешпен бірге Гэтвикке қайтып бара жатқан. Ол апат кезінде көптеген жарақат алды, бірақ аман қалды, ал басқа орында отырған ағасы көз жұмды.
"Ұшақ көтерілгеннен соң 30 секундтан кейін қатты жарылыс болып, ұшақ құлдилап барып құлады. Барлығы қас қағым сәтте болды", - дейді Вишваш.
Вишваш есін жиған кезде қолында отырғызу талоны болғанын айтады.
«Орнымнан тұрсам, жан-жағымда мәйіт шашылып жатыр. Қатты қорқып кеттім. Тұра сала жүгірдім. Айналада ұшақтың сынықтары жатты. Біреу менің қолымнан ұстап, жедел жәрдем көлігіне отырғызды, ол мені ауруханаға жеткізді», - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін борттағы 242 адам түгел қаза тапқаны хабарланған болатын. Air India әуе компаниясының ұшағы Үндістанның батысындағы Ахмадабад қаласынан ұшып шыққан. Әуе кемесі тұрғындар тұратын ауданға құлаған. Полиция қатты күйген 100-ден астам мәйіттің жергілікті мемлекеттік ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған.