Қарағандыда үш бірдей жолаушылар вагоны өртеніп кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
129

6 мамыр күні Қарағанды қаласында теміржол табанында тұрған үш бірдей жолаушылар вагоны отқа оранды. Тілсіз жау жекеменшік көлік компаниясының аумағында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама сағат 12:29-да түскен. Новоселов көшесінің бойында орналасқан көлік компаниясының аумағында бір-біріне тіркелген үш вагон жанған. Өрт 120 шаршы метр аумақты қамтыған. Вагондардың ішкі жабдықтары түгелдей жанып кеткен.

«Оқиға орнына жеткен сәтте үш бірдей жолаушылар вагонының жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жаудың жақын маңдағы тұрғын үйлерге жайылуына жол берілмеді», — деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Жұмекенов.

Төтенше жағдай мамандарының хабарлауынша, өрт кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы университтерінің бірінде 1-курс студенті оқу корпусының тоғызыншы қабатынан секіріп, оқиға ор...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен көз жұмды. Шу ауданында ауру жұқтырған малшы...