Президент Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
122

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілер күтпеген жағдайға тап болып, 9 адам көз жұмып, 3 адам ғана табып, қалғаны іздестірілу үстінде екенін жазған болатынбыз.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матаймен болған оқиғасын айтып, ренішін білдірді. Ол бұл туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотталған Шерхан Аймаханға тағайындалған өмір бойына бас...