"Анасының қазасына шыдамаған": Ақтөбеде жол апатынан қаза тапқан дәрігердің ұлы да бірге жерленеді

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
276

Ақтөбе облысында Қандыағаш – Шалқар тасжолында болған жол апатынан Назгүл Қантөренова есімді дәрігер қаза болды. Арада көп өтпей анасының қазасына шыдамаған ұлы өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол апаты 23 қарашада Жұрын ауылының маңында болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қандыағаш – Шалқар тасжолында Renault көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікпен жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Салдарынан көлік аударылып, әйел оқиға орнында көз жұмған. Кейін марқұмның Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар аудандық ауруханасында оториноларинголог болып жұмыс істеген Қантөренова Назгүл Мұратқызы екені анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігер 9 қарашадан бастап еңбек демалысында болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Қайғылы оқиғадан кейін марқұммен бірге тағы бір адам жерленетіні туралы ақпарат тарады. Ол – әйелдің ұлы Расул Бақтыбай. Алайда полиция жол апаты кезінде көлікте жүргізуші жалғыз болғанын нақтылады. Жігіттің өлімі жол апатына қатысы жоқ.

Деректерге сай, ол анасының қазасынан кейін өзіне қол жұмсаған. 

АЙМАҚТАР

Алматы мен Астанада алдағы үш күнде ауа райы айтарлықтай өзгереді. Оңтүстік астана +20 градусқа де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық педагогтер енді еңбек құқығы, жалақы және мектеп басшылығымен туындаған мәселелер бойын...