Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Мәдениет жән...
Айнаға қарасам екі қолым жоқ – бес бала тәрбиелеп отырған мүгедек ана
коллаж: MadeniPortal.kz
Әлеуметтік желіде қайсарылығымен көзге түскен екі қолынын айырылған Айгерім есімді бес баласы бар ана Жанар Байсемізге сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Мектеп оқып жүрген кезде кептерді пойыз жолынан құтқарамыз деп тоққа түсіп, екі қолына айырылған Айгерім өміріндегі қызықтары мен қиындықтары жайлы сөз қозғады.
"Мен кішкентай кезімнен қолыма қатысты комплекс мүлде болмаған. Себебі ата-анам мені еш бетімнен қақпай, болмайды деген сөзді мүлде айтпайтын. Қолымның жоқтығына мүлдем өкінген де емеспін. Қолымның жоқтығын мен тек 20 жасымда білдім. Ия менің ата-анам мен бауырларыма қиын болған шығар, бірақ маған қиын болған жоқ. Себебі менің қолыма деген қажеттілік болған жоқ . Олар мен үшін барлығын жасады. Менің екі қолым ол ата-анам, бауырларым және жолдастарым мен ортам болды. Жиырма жасқа келгенде есейдім. Ол кезде мен студент едім. Алғаш рет маған "болмайды" деген сөзді естідім. Жиырма жасымда екінші курс оқитынмын. Әкем әрқашан тіпті қаражаты болмаса да менің бетімді қақпаған, сенің қолыңнан бәрі келеді деп әрдайым айтып отырған. Саған баруға болмайды деп айтқан емес. Сол кісілердің қолдауы күшті болды. Студент кезімдегі сол болмашы нәрсе ғана мені есейтті десе болады. Активист студенттер флайер тарату керек болған яғни жалаушылар. Таратын кезде маған: "Сен паркке бармай-ақ қойсаң бола ма, себебі сен тарата алмайсың" деген сөз мені оятты. Мен ренжіп қайтып бара жатып , үйге қайттым. Аялдама жақтан айнаны көріп қалдым. Айнаға қарасам екі қолым жоқ. Сол күні үйге еңіреп қайтып бардым. Сол уақытқа дейін мен қолымды көрмеген екенмін", - деді Айгерім.
Журналист ханым : "Мүмкін сіз көргіңіз келмеген шығар?" деп сұрағын нақтылай түсті.
"Жоқ мен расымен сол күнге дейін өзімнің қолымның жоқ екенін айнадан көрмеппін. Өйткені маған ешкім қолың жоқ деп айтпады. Сенің қолыңнан келмейді деп айтпады. Маған тек "саған қарап жүру керек" деп айтатын. Сонда мен өзімді басқа планетадан келген адам секілді сезінетінмін. Себебі бәрі көшеге шықсам маған қарайтын. Сонда анам "Сен әдемісің, красавицасың" саған сол себепті барлығы қарайды деп айтып отыратын. Олар қарамаса сен ауырып қаласың деп айтатын", - дейді Айгерим Бибатырова.