Қарт Каспийдің жағасында орналасқан Ақтау қаласының Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық...
Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шығып, әйел қаза тапты
Фото: freepik
361
Алматыда Lamiya тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 23 тамызға қарағАня түні болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаумен шамамен бір сағат күрескен.
Құтқарушылар ғимараттан 148 адамды эвакуациялаған. Сонымен қатар өрт кезінде бір әйел ес-түссіз күйде табылған. Дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмаған.
Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.