Оралда 1 пәтерге 100-ге жуық адамды тіркеген ер адам ұсталды

Фото: Canva.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1668

Орал қаласында ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркегені анықталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде онда нақты тұрмайтын 95 адамның тіркелгені белгілі болды.

Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шара қолданып, айыппұл салынды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір дерек үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Сонымен қатар бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады. Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар кодекстің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған, - деп хабарлады ведомстводан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...