Алматыда Ұлттық ұлан сарбазы үшінші қабаттан секіріп кеткен

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1426

ІМ Ұлттық ұланының мерзімді қызметтегі сарбазы өз әскери бөлімінің үшінші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Бұл оқиға туралы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 қазан күні №5571 әскери бөлімінде болған. Сарбаз ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

"Қызмет барысында дәрігерлер сарбазға *бейімделу бұзылысы* диагнозын қойған (ол әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан). Ол қызметін жалғастыруға жарамдылығын анықтайтын әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген. Бейнебақылау камераларының жазбалары сырттан ешқандай араласу болмағанын растайды", – делінген хабарламада.

Әскери бөлімде қызметтік тексеріс тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...