Қазақтың «Робин Гуды» атанған ерікті жалғызбасты анаға алдап несие алдыртқаны белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2738

Журналист Руслан Өтепбай «Елге көмек» қайырымдылық қоры жетекшілерінің тағы бір былығын айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Видеодағы аудионы Ілияс Сариев Жансұлу есімді келіншекке жіберген. Мақсаты жалғызбасты анаға несие алдыру. Алайда Жансұлу несие алып бере алмаймын дейді. Бірақ Илияс, анасының ауырып жатқанын алдыға тартып, өтініш емес, келіншекке талап қояды. Жансұлу Ілиясқа Құдайдай сеніп, оның туған қарындасына 2 миллион теңге несие алып береді. Алайда ол қыз Ілиястың қарындасы емес, сіз бен бізге таныс Ақтоты болып шығады» , - дейді журналист.

Ең сорақасы Ақтоты келіншектің телефонын алып, басқа банктан тағы да 1 миллион теңге несие шығарып, дереу өзінің счетына аударып алған. Мұны Жансұлу тек күлісі күні байқаған.

Бұл дерек бойынша да Ақтоты мен Ілиястың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...