«Қазгидромет» мамандары 22–24 маусым аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкен...
Алматыда заң қызметкерлері егде жастағы әйелдің қабырғасын сындырған
ашық дереккөзден алынған
Алматы облысында 77 жастағы зейнеткер полиция әрекетінен жарақат алды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Әлеуметтік желілерде Іле ауданының Өтеген Батыр кентінде түсірілген бейнежазба кеңінен тарады. Кадрларда бірнеше полиция қызметкерінің егде жастағы әйелмен дөрекі сөйлесіп, оны пәтерден итеріп шығарып жатқан сәті көрінеді. Бір сәтте тәртіп сақшыларының бірі кейуананы қатты итеріп жіберіп, ол баспалдақтың қоршауына соғылып қалады.
Куәгердің айтуынша, оқиға 2 қазан күні болған. Зейнеткер ауырсынудан айқайлап жіберген. Алайда аудандық аурухана оны бірден қабылдамай, тек ауырсынуды басатын дәрі егумен шектелген. Кейін қаладағы травматологиялық пунктке жеткізілгенде дәрігерлер әйелдің қабырғасы сынғанын анықтаған.
Белгілі болғандай, бұл сәт тұрғындарды үйден шығару жөніндегі сот шешімін орындау кезінде орын алған. Пәтер прокуратураның қатысуымен жабылып, тұрғындар қажетті заттарын алу үшін ішке уақытша кіруге рұқсат сұраған. Сол кезде полицейлер олардың жылдам шығуын талап етіп, күш қолданған.
Оқиғаға байланысты Алматы облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары сот орындаушылары және басқа да уәкілетті органдармен бірге әрекет еткен.
«Әйел мемлекеттік органдардың заңды талабына бағынудан бас тартқандықтан, дау туған. Полиция қызметкерінің дөрекі әрекеті дұрыс емес деп танылды. Қызметтік тексеріс тағайындалып, кінәлілер жауапқа тартылады. Тергеу барысын өз бақылауымда ұстаймын», – деді департамент басшысы Мейрам Абикеев.