«Түтіннен көрмей қалдым»: БҚО-да өрт сөндірушіні бала күнгі досы көлікпен қағып кетті

Миршат Халиуллин / Фото со страницы Алтая Бактыгалиева в соцсетях

ЖАҢАЛЫҚТАР
353

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндіру кезінде қайғылы оқиға болып, өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі Миршат Халиуллин көз жұмды. Марқұмның туыстарының айтуынша, оны әріптесі басқарған өрт сөндіру көлігі қағып кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 қыркүйекте Тау ауылдық округінің аумағында болған. Марқұмның әкесі Марс Халиоллаұлы ұлының кезекшілікке түскен кезде өрт туралы хабар алып, оқиға орнына аттанғанын айтты.

Оның сөзінше, өрт сөндіру көлігінің тізгінінде ұлымен бала кезден бірге өскен, бірге оқып, бір мекемеге жұмысқа орналасқан әріптесі болған.

«Өртті сөндіру кезінде әріптесі абайсызда оны қағып кеткен. Жүргізуші түтіннің салдарынан көрмей қалғанын айтады. Алғашында байқаған, кейін көзден таса болыпты. Кешірім сұрады. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келіп, көңіл айтып, көмек ұсынды», – деді марқұмның әкесі.

Әкесінің айтуынша, Миршат Халиуллин медициналық мекемеге жеткізілгенге дейін көз жұмған.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкердің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын растады. Ведомство марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

Ал Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу республикалық тасжолында екі Toyota Camry көлігі соқтығыс...

Шоу-бизнес

Актер әрі әуесқой жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар інісіне қымбат көлігін сыйға тартты, деп хабарла...