Алматыда “Жаңа адамдар” кезекті педофилді әшкереледі

Фото: “Жаңа адамдар” қозғалысы

ЖАҢАЛЫҚТАР
402

Жаңа адамдар желідегі әлеуетті педофилдерді іздеу бойынша эксперименттерін жалғастырады. Мұндай жағдайлар ойлағаннан да көп болып шықты, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Әдеттегідей, біз 12 жасар қыздың атынан анкета ашып, оны танымал әлеуметтік желілердің біріне жүктедік. Көп ұзамай өзін «Әділет» деп таныстырған кезекті ер адам 12 жасар баланың профиліне қызығушылық танытты. Ол кішкентай қызға порнографиялық мазмұндағы суреттер мен бейнежазбаларды жібере бастады. Кейін «Әділет» ашық түрде жыныстық қатынасқа түсуді ұсынып, қыздан өзін жалаңаш түрде бейнежазбаға түсіруін сұрады. Өз дегеніне жете алмаған соң, «ва-банкке» барып, қызды «кино көруге» шақырды. Чипсы мен кола сатып алып, ол біз көрсеткен мекенжайға – баланың үйіне келді.

Кішкентай баланың орнына оны Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқаны белсенділері қарсы алды. Өзінің ұсталғанын түсінген ер адам қашуға әрекеттенді. Алайда, пәтердің шыға берісінде оны «қарабет дәлізі» күтіп тұрды. Белсенділер оның түрін бейнежазбаға түсіріп, мүмкіндігінше көп адам оның кім екенін білуі үшін кадрларды желіге жариялады.

Жаңа адамдар Қазақстандағы әрбір бала қауіпсіздікте болмайынша тоқтамайды. Қылмыскерлердің басты артықшылығы – анонимділіктен айыру арқылы балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауға көмектесіңіздер.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығының амфитеатрында әскерге шақырылғандарды салтанатты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аптап ыстықтың салдарынан Манитоба мен Онтарио провинцияларында орман өрті басталды, деп хабарлайды&...