Нұрлан Өнербаев жаңа айыппұл түрін ұсынды

Фото: ulysmedia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
3027

Әнші Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

"Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Айыппұлдың бір түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын", - дейді әнші. 

Нұрлан Өнербаевтың бұл жазбасын жүздеген адам қолдаған. 

- Астана мен Мен тұрып жатырған Солтүстіктегі орыс болып кеткен Қазақтар алфавит жаттасыншы. 

- Толықтай келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтей кеттік шүлдірдеп.

- Мені де осы сұрақ мазалайды, Осылар ғана айыппұл ойлап таба бере ме? Қарапайым халық неге айыппұл ұсынбасқа?, дейді қазақстандықтар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...