Алматыдағы ресми ашылуы болмаған, ең үлкен мешітке 40 мың адам жиналды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2544

Бүгін, 30 наурызда Алматының жаңа мешітінде оқылған айт намазына 40 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Алматыдағы ең үлкен мешіт ораза айтта 40 мың адамды қабылдады

Оңтүстік астанадағы ең үлкен мешіт Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан. Құжаттарды рәсімдеу әлі аяқталмағандықтан, ресми ашылуы кейінге қалдырылған. Бірақ айт мерекесіне ғибадатхана есігі жамағат үшін айқара ашылды.

«Халық» қайырымдылық қорының мәліметінше, мешіт 20 мың адамға арналған.

Алматыда жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын, 20 мың адамға есептелген жаңа мешіт салынды. Бүгін осы зәулім ғибадат үйінде қасиетті ораз айттың құрметіне айт намазы оқылды. Жиналған адамдардың саны шамамен 40 мыңға жетті, - делінген хабарламада.

Шоу-бизнес

Әнші Сәкен Майғазиев өмірден өткен анасына арнап жазба жариялап, қайғысына ортақтасқан көпшілікке ал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына дрондар шабуылдағаны...