Алматыдан Талдықорғанға жолға шыққан бойжеткенді полиция ұстады

Фото: POLISIA.KZ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1827

Жетісу облысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Күдіктіге қатысты іс «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған жедел ақпарат негізінде тіркелген.

Тергеу дерегінше, бойжеткен 2025 жылдың 13–16 қыркүйегі аралығында психоактивті зат мефедронды заңсыз сатып алып, өзімен бірге сақтаған.

16 қыркүйектен 17-не қараған түні ол Алматыдан Талдықорғанға таксимен жолға шыққан, жанында 15 түйіншек есірткі заты болған.

Алайда Текелі қаласына кіреберісте полиция күдіктіні дер кезінде тоқтатып, жеке тінту жүргізген.

Тінту кезінде бойжеткеннің жанынан:

  • қара изолентамен оралған түйіншек,
  • үш әйнек түтікше (пипетка),
  • және темекі қорабының ішінен қызыл түсті пластик түтік табылды.

Бұл заттардың барлығы есірткіні тұтынуға арналған құралдар екені анықталды. Медициналық сараптама нәтижесінде күдіктінің қан құрамынан мефедрон, меткатинон, α-PVP және каннабиноид метаболиттері табылған.

Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың мефедрон екенін растады. Жалпы салмағы — 3,03 грамм, бұл заң бойынша аса ірі көлемге жатады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында 29 жастағы әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова ү...