Атыраудағы іске қатысты күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың жазба жарияланды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1762

Журналист Жанат Жақсыбайқызы Атыраудағы қылмысқа күдіктілердің бірі Ақбаян Мұқанғалиева турвлы айтты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Журналистің жазуынша, оқырмандар тарапынан «Ақбаянды туыстары көрді ме, не дейді?» деген сауалдар жиі қойылған. Алайда оның туыстары әзірге онымен жүздесе алмаған.

Бұл тергеу құпиясына байланысты — құзырлы органдар кездесуге рұқсат бермеген. Сондай-ақ марқұм отбасының жақындары Ақбаянның балалар үйіндегі ұл-қыздарын іздеп барғанымен, заң талаптарына сәйкес олармен де кездесу мүмкін болмаған.

Қазіргі таңда Ақбаян Мұқанғалиева Алматы қаласындағы жүйке ауруларын ғылыми-зерттеу орталығында ем қабылдап жатыр.

Журналистің айтуынша, бұл іске қатысты көп жайт әзірге жария етілмейді. Тергеу амалдары жалғасуда, ал толық ақпарат сот барысында белгілі болмақ.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...