Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2065

Ақмола облысында ер адам әйелін қауып алған итті ұрып өлтірген. Полицейлер жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, Жақсы ауданы ауылының тұрғыны ауылдасының үйіне барған.

Осы кезде байлаудағы ит шынжырдан босап кетіп, әйелдің аяғын тістеп алған.

Кейін оның жұбайы жануар тұрған аулаға келіп, итті ұрған. Жануар алған жарақаттарынан өліп қалған.

Құқық қорғау органдары еске салады: ит адамды қауып алса да, өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді, барлық мәселелер тек заң саласында шешілуі керек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...