Алматылық әйел күйеуінен қорлық көргенін айтты

Фото: Depositphotos

ЖАҢАЛЫҚТАР
127

Гүлмира Әбіқайға Алматы облысындағы ауылдардың бірінен бір әйел хабарласқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, 2021 жылы ажырасқан күйеуі әлі күнге дейін күн көрсетпейді екен. Қайыр сұратып, ақша әкелмесе ұрып-соғатын көрінеді.

“3 баласы бар. Қара жұмыстан қашпайды. Ауылдағы мектепке бала керек, жұмысшы керек дейін өңір өкілдері хабарласыңыздар”, - деп жазды журналист.

Әйелдің сөзінше, күйеуі не айту керегін алдын ала үйретіп қояды екен.

"15 жыл болды қайыр тілеп жүргеніме. Олай қайыр тілегім келмейді. Ол маған «жетіммін де, ақша жоқ де» деп алдын ала айтып қояды. Баратын жерім жоқ. Ол ақшаны оған бергенмен тағы сұрайды”, - дейді әйел.