«Суицид жасамақ болған»: Маңғыстауда 18 жастағы сарбаз жындыханаға жатқызылды

Фото: Stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
861

Маңғыстау өңірінде әскери қызметін атқарып жүрген 18 жастағы жауынгер әлімжеттікке төзе алмай, өзіне қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда ол психиатриялық емханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Информбюро жазды.

Қайғылы жағдай Бейнеу ауданындағы №99116 әскери бөлімінде тіркелген. Жас сарбаздың анасы Лаура Шынтемірованың айтуынша, ұлы әскерде жүйелі түрде соққыға жығылып, моральдық қысым көрген.

Әскери бөлім басшылығы сарбаздың ауруханаға түскенін туыстарынан жасырған. Анасы мұны тек басқа сарбаздардың ата-аналарынан кездейсоқ естіген.

«Командир маған хабарласып, баламның жүрегі мен бүйрегінде ақау бар екенін айтып, емханаға апарамыз деген еді. Алайда шын мәнінде оны жасырын түрде психиатриялық диспансерге жатқызыпты. Басқа ата-аналардан білмесем, еш хабарсыз қалар едім», – дейді ол.

Әскерде жас жауынгерлерге дәретхана жуғызу, ауыр жұмыстар атқарту сияқты міндеттер жүктелетіні айтылады. Анасының сөзіне қарағанда, ұлы тіпті тұрғын үйлердің бірінде құрылыс жұмысына да тартылған.

Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Мәди Тоқанов үш әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсамақ болып, мекемеге жеткізілгенін растады.

«Бәрінің білегінде жарақат іздері бар. Қазір психологтар мен психотерапевтер қажетті көмек көрсетуде», – деген Тоқанов қысқа ғана пікір білдірген.

Бұл оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы сарбаз Дінмұхамед Шынарбек жұмбақ жағдайда көз жұмған болатын. Әскерилер оның өз-өзіне қол салғанын мәлімдесе, марқұмның туыстары бұған күмән келтіріп, әділ тергеуді талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Азамат Сатыбалды Президенттің жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды,...