Қазақстандықтардың қатысуымен Ресейдегі жаппай төбелес: СІМ жаңа мәліметтерді хабарлады

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
984

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Ленинград облысында (Ресей) қазақстандықтардың қатысуымен болған жаппай төбелеске қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ерлан Жетыбаевтың растауынша, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысының Усть-Луга вахталық кентінде тұрмыстық жанжал болған, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.

«Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шараларды, соның ішінде жанжалға қатысушыларды ұстау әрекеттерін жүргізді», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...