Алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
827

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау саласындағы ахуал туралы баяндады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол қазір ел бойынша 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынғанын, сондай-ақ қолданыста 2,9 мыңнан астам лицензия және 250-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт бар екенін хабарлады.

«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет 5 кен орны мемлекеттік есепке алынды. Олар – Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа, 11 миллион тонна марганецке және 1,3 миллион тонна фосфоритке артты», — деп атап өтті Иран Шархан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...