Мұстафа Өзтүріктің қызы Қазақстанға келді (ВИДЕО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1405

Таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, әйгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Астанаға келді. Ол елордада өтетін «Kazakhstan Open Astana» халықаралық турнирінің құрметті қонағы болмақ, деп хабарлады  Мadeniportal.kz.

Бұл туралы 1bol.kz жазды.

«Құрметті отандастар! Сіздермен ерекше жаңалықпен бөліскім келеді. Қазіргі уақытта мен Қазақстанның бас қаласы – Астанадамын. Мені Қазақстан таеквондо федерациясы «Kazakhstan Open Astana» турниріне құрметті қонақ ретінде шақырды. Осы шақырту үшін федерацияға шын жүректен алғысымды білдіремін.Менің әкем – Мұстафа Өзтүрік дәл осы федерацияның негізін қалаған. Ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, Қазақстанда мықты таеквондошылардың шығуына зор үлесін қосты. Әкем өз елін шексіз сүйетін. Сондықтан бұл сапар мен үшін өте маңызды. Бұл жарыс – менің әкеммен рухани байланыс орнату мүмкіндігі. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін!» – деді Неслихан Өзтүрік.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...