«Алып кету мүмкін емес»: Апаттан аман қалған 3 әзірбайжандық жолға жарамайды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2787

Әзірбайжан билігі апаттан аман қалған 3 науқасты Ақтаудан Бакуге алып бару мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Report.az басылымының мәліметінше, науқастарды тасымалдау тиімсіз екенін денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ильгар Гасымов мәлімдеді.

Ол бұл науқастардың Ақтау қаласындағы ауруханада жасанды тыныс алу аппараттарымен жатқанын атап өтті.

«Зардап шеккендердің жағдайы тұрақтанды қалыпқа көшкенше сол жерде емдеу жалғаса береді. Кейін олар толық емделу үшін Әзірбайжанға жеткізіледі», - деді министрдің орынбасары.

Ильгар Гасымов зардап шеккендердің барлығы толық медициналық тексеруден өтетінін және олардың жағдайы тұрақталғаннан кейін амбулаториялық емдеуге жүгінетінін хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...