12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
425

Қазақстанда жыл сайын 12 сәуір күні Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтіледі, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл мереке 2011 жылы Қазақстан Республикасының сол кездегі Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын. Айтулы күн 2012 жылдан бастап тойланып келеді. Осылайша елімізде ғылым саласының дамуына үлес қосып жүрген зерттеушілер мен ғалымдарға ерекше құрмет көрсетілетін күн қалыптасты. 

Бұл датаның дәл 12 сәуірге таңдалуы да тегін емес. Өйткені бұл қазақ ғылымының негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш академигі, көрнекті геолог әрі қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне сәйкес келеді.

Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан тарихи тұлға. Ол Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болды, және Қазақстандағы көптеген ірі кен орындарын зерттеп, ғылыми тұрғыда дәлелдеген.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025-2027 жылдарға арналған ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 531,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Елімізде жыл сайын ғалымдарға мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, 423 жас ғалымға пәтер берілсе, ғалымдардың жалақысы 18 пайызға өсті. Бұдан бөлек бұл сала мамандарына ғылыми атақтары үшін қосымша ақылар 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін көтерілді. Сонымен қатар 500 ғалымға шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілсе, «Жас ғалым» гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар іске асырылды. «Үздік ғылыми қызметкер» номинациясы бойынша 2000 айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде 50 сыйлық тағайындалды. Ал 2024-2025 оқу жылына арналған докторантураға ғылыми кадрлар даярлау үшін 2919 грант бөлінді.

9 ірі кәсіпорындармен ғылыми-технологиялық сессия, 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ҚР Үкімет жанындағы жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысына 11  техникалық тапсырма ұсынылды.

Қазақстандық ғалымдар соңғы жылдары биотехнология, жасанды интеллект, энергетика және экология бағыттарында халықаралық зерттеу жобаларына белсене қатысып жүр. 
Айта кетейік, Қазақстанда ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кадрлар саны 25,5 мың адамды құрайды. Олардың жартысынан көбі – әйелдер. Ал 46% жастардың үлесінде. Қазіргі таңда елімізде 400-ден астам ғылыми ұйым жұмыс істейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда баланы сүндеттеген хирург сотталды. Сотта ол өз кінәсін мойындамады, деп хабарлайды ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 22 жасар Ақнәр Гүлістан «Amir» тұрғын үй  кешенінде жетінші қабаттан құлап...