Америкада орман өрті желдің әсерінен басқа аумақтарға ұшуда

Фото: vlast.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2440

Екпіні қатты жел бықсып жатқан шоқты Калифорнияның Камарильо маңындағы орман өртінің негізгі ошағынан бес шақырымға дейінгі басқа аумақтарға ұшырып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Өрт қыраттарды, егістік алқаптарды және тұрғын үйлерді шарпыды, мыңдаған жергілікті тұрғынға қауіп төндірді.

NDTV арнасының хабарлауынша, 7 қарашада Лос-Анджелес маңында тұтанған өртке оранған аймақта мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Дауыл тез таралып, ондаған үйді қиратып, Вентура округіндегі қауымдастықтарға қауіп төндіріп жатыр.

Аумақтық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 8 290 гектар аумаққа тараған өртті сөндіру үшін көп ресурс жұмылдырылған. Алайда бұл аумақтарда 30 мыңға жуық адам тұратындықтан, жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Осыған қарамастан, жел бағытының өзгеруі өрт алдағы күндері әлсіреуі мүмкін деп үміттендіріп отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...