Мәжіліс депутаты жалғыз ұлын әскерге шығарып салды

Фото: otpannews.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2156

Ақтауда күзгі шақырылыммен әскерге аттанатын сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлады madeniportal.kz otpannews.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Шарада әскер жасына толған 25 жасты туған-туыстары шығарып салды. Сонымен қатар қала әкімі Әбілқайыр Байпақов, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеважастарға ақжол тілеп, тілектерін жеткізді.

Отан алдындағы парызын өтеу – әр азаматтың міндеті. Бүгін әскер қатарына алынған сарбаздарға ақ жол тілейміз. Ата-ана, отбасыңыздың артқан үмітін ақтап, Отан алдындағы борышыңызды аман-есен өтеп, аман оралуларыңызға тілектеспін, - деді Әбілқайыр Байпақов.

Ақтаудан әскерге аттанған жастың бірі – Алихан Гасанов. Анасының айтуынша, әрбір азаматтың міндеті – Отан алдындағы борышын өтеу.

Кез келген елдің елдігін, тәуелсіздігін, егемендігін қорғайтын мемлекет әскері. Әскердің арқасында ел шекарасы тыныш болады. Бұған елдің әрбір әр тұрғыны кәміл сенеді. Бүгін мен үшін маңызды күн. Себебі, жалғыз ұлым осы жерден әскерге аттанғалы отыр. Бұл мен үшін маңызды шешім болды, - деді ата-аналар атынан сөйлеген Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...