Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
527

Астанада жүк көлігінің қағуынан кәмелетке толмаған велосипедші қаза тапты. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апатынан елорда мектептерінің бірінде 5-сыныпта оқитын оқушы көз жұмған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жол-көлік оқиғасы 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылында, Пушкин көшесіне бұрылыс тұсында болған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі велосипедпен жолды кесіп өтпек болған баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды және мектептер, тұрғын аймақтар, аула аумақтары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында ерекше мұқият болуды ескертті.

Ведомство өкілдері рөлдегі бір сәттік салғырттықтың қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...