Кеше Алматы қаласында қоғамды келісімге шақыратын «Мәміле» клубының таныстырылымы өтті....
Алматы әуежайында шу шықты: төбеден ақ сұйықтық тамшылаған
Фото: видеодан скриншот
Алматы әуежайының бірінші қабатындағы ұшу залында төбеден жолаушылардың үстіне ақ сұйықтық тамшылай бастаған. Куәгерлердің айтуынша, ол цемент ерітіндісі немесе сылақ болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиғаға байланысты жолаушылар орындарынан тұрып, әуежай қызметкерлерінен түсініктеме беруді талап еткен. Сондай-ақ, видеодан тамшылардың кішкентай емес екенін, біршама жерді бүлдіргенін байқауға болады.
Алматы әуежайы қашан ашылды?
Алматы халықаралық әуежайы 1930 жылы ашылған. Бастапқыда әуежайда бір ғана қиыршық тасты ұшу-қону жолағы болған. 1936 жылы жаңа әуежай құрылысы жүргізіліп, Алматыдан Қазақстан мен Ресейдің бірнеше қаласына әуе қатынасы жолға қойылды.
Әуежайдың негізгі терминалы 1973 жылы салынды. 1999 жылы болған өрттен кейін жаңа терминал тұрғызылып, ол 2000 жылы пайдалануға берілді.
Ал 2024 жылғы 1 маусымда Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы ашылды. Жаңа нысан жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетуге арналған.