Тергеу басталды: Маңғыстауда екі әкімнің орынбасары есірткімен ұсталды

Фото: ҚР ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
977

Маңғыстау облысында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен.

— Маңғыстау облысы әкімдігі мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Заң талаптарын бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден арылту — әкімдіктің басты басымдықтарының бірі, — делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше перформанс аударды, деп хабарл...