Айтбек Амангелді Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
4321

Шерзат Полаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ нақты мекенжайлары құпияда, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Айтбек Амангелді Қазір Шерзат Полаттың отбасы басқа баспанаға көшірілгенін мәлімдеді. 

“Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде, қауіпсіз жерге көшірілді. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айтпаймыз, бұл жариялауға жатпайтын ақпарат”,  – деді Айтбек Амангелді. 

Сонымен қатар, отбасының адвокаты әкімдік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін айтты.

“Әкімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған болатын. Сол жерде үй салып береміз деген еді. Алайда өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсеткен жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе қажет емес екенін жеткізді”, – дейді отбасының адвокаты Саида Тәуекелова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымда...

PESTEL

Шетелге шығу үшін көпшілікке паспорт қажет. Алайда Ұлыбритания королі Карл III пен Жапония император...