“Украин тілінде жазулар бар": БҚО-да белгісіз дрон жарылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2452

БҚО-да белгісіз дрон жарылуына байланысты министрлік ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Оның қалдықтары елді мекендерден алшақ аймақта табылды. Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ,-делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын және нысанның шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және әуе нысандарының мемлекеттік шекараны рұқсатсыз кесіп өтуін болдырмау мақсатында қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа...

Әлем

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені...