18 жастағы жігіт Алматы маңындағы тауларда жоғалып кетті

ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1010

Бостандық ауданында, Алмарасан шатқалында 18 жастағы жігіт таулы маршрутпен өз бетінше төмен түсе алмай, Алешкин көпірі маңында қалып қойған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ҚР ТЖМ «Барыс» РОСО жедел тобы Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірге оқиға орнына шықты. Проходное шатқалына жеткеннен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі таулы жағдайда жаяу жалғастырылды.

Іздестіру барысында құтқарушылар жоғалып кеткен жігітті Терра алаңындағы лашықтан тапты. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Осыдан кейін Алмарасан тұрақтарына қарай қауіпсіз түсу ұйымдастырылды.

Турист аман-есен құтқарылып, туыстарына тапсырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...