«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»: Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазының ұрпақтарынан кешірім сұрады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
337

Актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей үш жыл бұрын айтқан сөзі үшін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған оның дәулескер күйші жайлы айтқан сөздері себеп болған. Орал қаласында тұратын Құрманғазының ұрпақтары актердің әрекетіне құқықтық баға беріп, жалған ақпарат таратқаны және тарихи тұлғаның атына нұқсан келтіргені үшін жауапқа тартуды ұсынды. Осыдан кейін актер әлеуметтік желіде талап етушілер мен елден кешірім сұрады.

«Құрметті қазақ елі! Соңғы екі күнде қатты қызу талқыға түсіп жатқан менің белгілі подкастта Құрманғазы жайлы айтқан пікірім қатты талқыланып жатыр. Тіпті Орал қаласынан ақсақалдар алқабилер жиналып, видеода айтылған сөзге қатты наразылық білдіріп тіпті сотқа бермек екен. Осы ретте мен өзімнің қателігімді мойындаймын. Бұл 3-4 жыл бұрын подкастта айтылған әңгіме болатын. Жалпы мен өзім жүрген жерімде аруақтардың басына құран бағыштап жүретін адаммын. Жалпы тарихи жерлерді аралғанды жақсы көремін. Сол жерде бір шырақшының әңгімесін естіп, соны жастардың тілімен әсерлеп жеткізіп айтқаным қателігім болып отыр. Подкастта барлығы басқа форматта, ал айтқан сөздерім дөрекі түрде көрінген. Мен Оралдық ақсақалдардың айтқан талабын орындауға дайынмын. Астрахан ауданы барып, бабамыздың басына барып Құран бағыштап қайтпақшымын. Сол кезде барлығын түсіндіріп беремін», – деді Қайрат Әділгерей.

Желі қолданушылары актерге қолдау көрсетсе, кейбіреуі сөзге абай болу керек екенін ескертті.

"Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі", "Бос әзіл айтпай халықтың жағдайын көтеріп, халықтың мұңын айту керек", "Қатені мойындау да ерлік", - деп жазды желі қолданушылары.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында ер адам қатты соққыға жығылғаннан кейін қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Стамбул қаласында қоқыс жәшігінен бөлшектелген 37 жастағы Өзбекстан азаматы Дурдона Хакимованың...